|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ
КГУ «Каражарская основная общеобразовательная школа» отдела образования Баянаульского района Управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
29
апреля
2026
|
Ата-аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту, балалардың табысты болашағы үшін заңға құрмет, мәдени құндылықтарды дәріптеу және тәрбиелік жұмыстардың бірлігін қамтамасыз ету арқылы қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыру болды.
Форум барысында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, ата-ана мен мектептің өзара байланысын арттыру жолдары қарастырылды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Аталған шараға ата-аналар қауымы, ұстаздар, мектеп әкімшілігі, психолог, ауыл фельдшері Қ.М.Бапышева, сондай-ақ Баянауыл ауданы Төтенше жағдай бөлімі 20 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Н.О.Жанайдаров және өрт сөндіруші М.Қ.Нығмет, Баянауыл ауданының ПБ ӘПБ аға инспектор лейтенант И.Т.Каленов, аға лейтенант Ж.Ж.Манаш өкілдері қатысып, өз салалары бойынша маңызды ақпараттар мен пайдалы кеңестер ұсынды.
Форум қорытындысында бала тәрбиесінде бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтіліп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулерді жиі ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl
https://www.instagram.com/reel/DXrKx1dCDGg/?igsh=MWdyYTJxY3phdTEwdQ==
|
8
апреля
2026
|
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Ұстаздар мен қызметкерлер мектеп ауласын тазалап, айналаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Қыстан қалған қоқыстар жиналып, аула көркейіп, тазалық орнады.Бұл игі шара – қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Мектеп ұжымы осындай акцияларға әрдайым қолдау көрсетіп, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
#ТазаҚазақстан
#ТазалықБәрімізгеОртақ
#ТабиғаттыАялайық
#тазаказахстан♻️
|
8
апреля
2026
|
«Таза Қазақстан» және "Парктер шеруі -2026" акциялары аясында мектебімізде табиғатты қорғауға бағытталған тағылымы мол кездесу өтті. Іс-шараға ауылымыздың орманшылары Айдын Ерланұлы, Аманжол Берікұлы, Ануар Жұмагелдіұлы арнайы келіп, оқушыларға табиғатты аялау, орманды қорғау және заңсыз аулаудың алдын алу туралы маңызды мағлұматтармен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар ауылымыздың көрікті табиғаты тақырыбында салған суреттерін ұсынып, өздерінің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Әрбір жұмыс табиғаттың сұлулығын бейнелеп, оны қорғаудың маңыздылығын айқындады.Осындай игі шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#тазақазақстан🇰🇿
#парктер_шеруі
#таза_Қазақстан



