Павлодар облысы білім беру басқармасының, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
« Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі » КММ
2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
- Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
- Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жобалар НЕГІЗІ
- Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІІІ. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
ІҮ. Ата-аналармен жұмыс
Ү. Кадрлық қамтамасыз ету
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы 123 бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылына арналған тәрбие жүмысының жылдық жұмыс жоспары
МАҚСАТЫ: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу;
Адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
Табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту;
Отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу;
- Еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- Білім алушынын жеке басынын уйлесімді дамуы ушін жағдай жасау:
Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
- Білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;
- Білім беру ұйымдарында оқушылардың психологиялық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуалды қалыптастыру;
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;
Отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТОПТАМАСЫ:
Тәуелсіздік және Отаншылдық
Бірлік және Ынтымақ
Әділдік және Жауапкершілік
Заң және Тәртіп
Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
Жасампаздық және Жаңашылдық
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ:
«ҚАМҚОР» әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН»- білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«SMART BALA »- инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«ШАБЫТ»- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ»- тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ»- кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.




